«FS DISTRIBUTOR» ЖШС

БАС ДИРЕКТОРЫ: Атамбаева Айжан Серікқызы

ҚҰРЫЛҒАН ЖЫЛЫ: 2011

МЕКЕН-ЖАЙЫ: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2 мөлт. ауд., 54, 29 і.к. тел.: +7 (727) 262 65 02

РЕСМИ САЙТ: www.artedicasa.kz

КОМПАНИЯ ЖАЙЫНДА:

 «Arte di Casa» интерьер Үйі 2006 жылы келушілерге есіктерін айқара ашып, Қазақстанға элиталы дизайнерлік жиһазды ұсынады. Жоба сауда, құрылыс және сәулет салаларындағы әлем көшбасшыларын тартуға негізделген. «Arte di Casa» интерьер Үйі "Armani Casa", "Fendi Casa", "Etro Home", "Donghia", "Cappelini intaglio", "Agresti", "Di Liddo & Perego" сияқты әлемдік брендтердің эксклюзивті өкілі болып табылады.

2010 жылы осы үймен ұсынылатын брендтердің тізімі Lux - Ralph Lauren Home және Rubelli классының танымал маркаларымен толықтырылды. Компанияның активтері ауданы  1000 шаршы метр болатын, әл-Фараби даңғылында орналасқан «Arte di Casa» интерьер Үйінен, сонымен қатар, «Рамстор» (Алматы) сауда орталығындағы шоурумнан тұрады. Керемет жобалаушылар мен сәлетшілермен тығыз серіктестік, халықаралық өндіріс компанияларымен берік коммерциялық қатынас, өлшенген маркетингтік стратегия  «Arte di Casa» интерьер Үйіне итальян және америкалық ең жоғары сапалы жиһаздың әсемдігіне қосылуға мүмкіндік беріп, қол жетімсіздікті орнатады.

«Arte di Casa» танымал маркалы дизайнерлік жиһаз бен аксессуарларды ұсынатын жалғыз салон болып табылады. Қазақстан аудиторясы үшін қол жетімді болуын қамтамасыз ете отыра, әлемдік деңгейдегі интерьер мен дизайн бұйымдарын ұсынады.

 «Arte di Casa» интерьер Үйінің негізгі жұмыс істеу принциптері:

  • Жоғары сапа
  • Жеке қызмет көрсету
  • Дизайн мен сәулеттің заманауи тенденцияларына сәйкестік
  • Икемді баға саясаты
  • Ең талап етуші клиенттердің сұранысын қамтамасыз ету.

Осы принциптерді қатаң түрде ұстану, дамудың ойластырылған стратегиясы, алға қойылған мақсаттарға қорықпай жету«Arte di Casa» интерьер Үйіне еліміздің жиһаз нарығының мықты позициясын алуға мүмкіндік берді.

Бұл компания - серіктестері мен сатып алушылары өздерінің бизнесін сеніп тапсыратын сенімді және тұрақты серіктес, динамикалы түрде дамушы компания, көшбасшылардың бірі.

«Біз ешқашан сәннен шықпайтын дәстүрлерді ұстанамыз.»

Рахмет