Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды.

10 қазан 2017 ж.

Экономика саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын америкалық экономист Ричард Талер иеленді. 72 жастағы маман Чикаго университетінде дәріс оқиды. Ол экономиканы адам психологиясымен байланыстыра зерттеген. Нарықты мінез-құлық бойынша саралап, адамның қоғамдағы артықшылығы мен өзін-өзі ұстауына баса мән берген. Қазіргі таңда жылдам қарқынмен дамып келе жатқан нарықтық экономика саласына арналған зерттеулері аса жоғары маңызға ие. Экономика бойынша жүлде қоры - басқа салалардағыдай 1 миллион доллар. Айта кетейік, жүлделерді табыстау рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Осыған дейін физология мен медицина, химия және әдебиет  саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері жарияланған болатын. Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

Ақпарат көзі:  https://massaget.kz/

Рахмет