Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау саны өсті

11 қазан 2017 ж.

Қазақстанда интернет арқылы жасалған төлемдердің саны 2017 жылдың тамыз соңында 2,5 млн болды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 102,9 мың абонент болған деп хабарлайды ranking.kz.

Ауылдық жерлердегі абоненттер үлесі 19,1 пайызды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Жылдық өсімі 12,0 пайызды (473,3 мың абонент) құрады.

Қазақстандық интернет байланыстың санының артуымен қатар, e-commerce секторында да өсу байқалады. 2017 жылы қаңтар-тамызда интернет-төлемдердің үлесіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі 35,2 пайызға жетті (487,5 млрд теңге), 2016 жылы 20,6 пайыз (163,8 млрд теңге) болған.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді төлеудің басқа түрлерінің көлемі POS-терминалдарда 63,2 пайыздан 54,3 пайызға дейін, банкоматтарда 15,5 пайыздан 9,9 пайызға, ал төлемдердің саны POS-терминалдарда 55,7 пайыздан 55,5 пайызға дейін, банкоматтарда 14,0 пайыздан 6,9 пайызға, басқалары 0,5 пайыздан 0,3 пайызға дейін төмендеді.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz/

Рахмет