Әлемде ең көп сатылатын смартфондар анықталды.

12 қазан 2017 ж.

Әлем бойынша 2017 жылдың бірінші жартысында ең көп сатылатын смартфон iPhone 7 болды. Бұл туралы IHS Markit зерттеу компаниясының сарапшылары жазды.

Сұранысы көп, әрі танымалдылығы бойынша екінші орында — iPhone 7 Plus. Ал Samsung Galaxy Grand Prime Plus үштікке кіріп отыр. Сондай-ақ, кейінгі тізімдерде iPhone 6s және Samsung Galaxy S8 бар.

2017 жылы iPhone 7 сатылымы 2016 жылдағы iPhone 6 сатылымы нәтижелерінен төмендеген. Сарапшылар жыл сайын Apple-дің нарықтағы үлесі азайып жатқандығын айтады. 2015, 2016 және 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтарында, смарфондар нарығындағы  Apple-дің үлесі 10 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген.

Жалпы ең көп сатылған смартфондардың ондығында Samsung-тың 5 смартфоны, Apple-дің төрт және қытайлық Oppo компаниясының бір смартфоны тұр.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz/

Рахмет