Биткойнның негізін қалаушы әлемдегі ең бай 50 адам тізіміне енді

2017 ж. 19 желтоқсан

«Сатоши Накамото» атты жалған атымен танымал криптовалютаның дүниеге дүйсенбі күні әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 44 орынды иеленді. Оның байлығы 19,4 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.

MarketWatch-қа сәйкес, Сатоши Накамото (бүркеншік атпен бір топ тұлға жасырынуы мүмкін) шамамен 980 мың биткойнға ие деген болжамдар бар. Олар шамамен 18 мың 900 долларға сатылады.

Қазан айында, виртуалды валютаның құны 6 мың долларға жеткенде, биткойн қалаушы Forbes тізімінде үш жүзінші орынның ортасына жайғасқан.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz/

Рахмет