Италияда ұшатын көліктің үлгісі көрсетілді

2017 ж. 22 желтоқсан

Италияның Lazzarini Design дизайн-бюросы ұшатын автомобильдің үлгісін көрсетті. Көліктің дизайны өткен ғасырдың 30-шы жылдарын еске түсіреді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Бюро басшысы Пьерпаоло Лаззарини футуристикалық көлік құралын жасауға маманданған. Ол ұшатын машиналарды Hover Coupe-те жасап шығарған.

Машина дөңгелегінің орнына шағын төрт турбореактивті қозғалтқыш орнатылған. Ол компанияның «Өткеніңді ұмытпай, болашағыңды ойла» деген ұранымен жасалған.

Автомобиль ісінің жетік мамандары бұл көлікті өткен ғасырдың 30-шы жылдары жарық көрген Isotta Fraschini Tipo 8B машинасының сыртқы үлгісіне ұқсастырып жасаған.

Оның салоны төрт адамға есептелген, қозғалтқыштың қуаттылығы  550 км/сағатқа дейін жетеді.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz/

Рахмет