Нью-Йорк Меллон банкі Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар сомасын бұғаттап тастады

2017 ж. 25 желтоқсан

Америкалық BNY Mellon банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттап тастады, деп хабарлайды 4-Traders.

Бұған себеп Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметі үстінен түсірген шағымы. Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкі Нью-Йорк Меллон Банкіне қарсы сотқа шағым түсірген. Ұлыбританияның соты бұл істі 22 желтоқсанда қарайды.

Қазақстан Ұлттық банкі мен Әділет министрлігі бұл жағдай жайында түсінік  бермеді.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz

Рахмет