Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон пайда болды

2017 ж. 27 желтоқсан

7kun.kz – Kickstarter платформасында жаңа Zanco Tiny T1 жобасы пайда болды. Ол әлемдегі ең кішкентай ұялы телефондарды шығаруға қаржы жинайды.

HypeBeast порталы Zanco Tiny T1 жобасы аясында шығарылған гаджеттің таныстырылымы түсірілген видеоны көрсетті. Телефонды Clubit New Media, Ltd компаниясы әзірледі. Оның ұзындыңы – 47 миллиметр.

Tiny T1 телефонына 300 адамның нөмірін, 50 хабарлама және соңғы 500 қоңырауды сақтауға болады. Онда оп-оңай қоңырау шалып, хабарлама жолдау мүмкіндігі бар. Телефонға nano-SIM салынады. Сондай-ақ байланыс құралы OLED-дисплеймен жабдықталған. Кішкентай телефон 13 дыбыстық тапсырманы орындайды. Ал батарейкасы үш күнге дейін жетеді.

Ақпарат көзі: https://7kun.kz

Рахмет