2017 жылдың үздік смартфоны анықталды

2017 ж. 28 желтоқсан

Атақты Phone Arena технологиялық ресурсы жылдың үздік смартфонын атады. Samsung Galaxy Note 8 смартфоны көшбасшы деп танылды. Үздік смартфондар оқырмандардың дауыс беруімен анықталды. Жалпы рейтинг Apple, Samsung, LG, OnePlus және басқа өндірушілердің гаджеттерін қамтиды. Galaxy Note 8 (20,47% дауыс) iPhone X (15,47% дауыс) жинаса, LG V30 (8,9% дауыс) үздік үштікті қорытындылады.  Бұдан кейінгі тізімді Samsung Galaxy S8, OnePlus 5T, Google Pixel 2 XL, Samsung Galaxy S8 +, Sony Xperia XZ Premium және Huawei Mate 10 Pro смартфондары жалғады.

 

Ақпарат көзі: https://massaget.kz

 

Рахмет